Қазақ жігіттеріне үндеу!

«Шалқар» радиосының «Құтты қонақ» бағдарламасының қонақтары – ақын, «Өнер барысы» республикалық турнирін ұйымдастырушылардың бірі Мейіржан Әлібек және ҚР Қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Бақдәулет Маратұлы. 

Бағдарлама барысында студия қонақтары Наурыз мейрамы қарсаңында тұңғыш рет өтетін «Өнер барысы» республикалық турнирінің мақсаты мен жоспары жайында әңгімеледі.

«Өнер барысы» сайысы болсын, басқа да жобалар арқылы нағыз жігіттікті, рухымызды оятатын Үндеу жасағымыз келеді. Бұл менің «Өнер барысы» жобасы арқылы қазақ жігіттеріне деген Үндеуім! Өйткені, спрот залға барып жүрген жігіттің көзқарасы, танымы, жүрісі, сөзі басқаша болады, іріленеді, ұсақтыққа бейім болмайды. Қазіргі уақытта майысқақ, сырға тағатын жігіттер көбейіп кетті. Спортпен айналысатын адамның аяғы нық болады. Ол деген жұртты қырып кету үшін емес, өзі қазақ қызының, анасының, отбасының абыройын қорғайтын жерде кеудесін жоғары ұстап, еліңнің абыройы үшін тұрып беретін жерлер болады. Мысалы, тау халқы Мәскеудің төрін тіліп тұрып жүреді. Неге? Олардың барлығы салауатты өмір салтын ұстанады және табандары нық әрі қыздарын қызғыштай қорғайды. Ақын Нұрлан Мұсаев бауырымыз: «Үкідей түніменен күзетсең де, қызғыштай қорғау керек қыздың арын» дейді. Өзгелер тау халықнан неге ығады, олар керек болса, қыздарының абыройлары үшін жанын береді. Міне, осы себепті Үндеу жариялаймын!» ,- дейді Мейіржан Әлібек.

Сұхбатты толығырақ видео және аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабардың жүргізуші-редакторы: Гүлнұр Омарханқызы.