Наурызды тойлау сақ дәуірінен басталады

Көктемді «Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы» деп бабаларымыздың айтуы тегін емес. Бұл мезгіл адамның әлсірейтін кезі. «Түске дейін мейіз, түстен кейін киіз» дейтін уақыт. Осы өтпелі кезеңнен өтіп кету үшін үйдегі бар ет, бидай, құрт тағы да басқа ең құнарлы деген тағамдардан адам ағзасына күш беретін Наурыз көже дайындаған. Адамдар бір-бірінің үйінен ас ішіп, әңгімелесіп, қыстан аман шықтың ба деп көрісіп, 15 күн өліарадан өтіп кетудің амалын жасаған. 

Наурыз мерекесінің қадір-қасиеті, маңызы жайлы Қазақ радиосының «Көне көмбе» хабарында айтылды. Студия қонағы: археолог, этнолог Ұлан Үмітқали.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабар авторы әрі жүргізушісі: Ғалия Есқұлова.