Әкемді тауып берген адамға 1 миллион теңге беремін

Мен, Дулат Нығметұлы, Ақмола облысы Көкшетау қаласынан хат жолдап отырмын. Əкем Нығмет Серғазыұлы Сәлиевке іздеу саламын.

Ол 1951 жылы туған. 2006 жылдың қарашасында Көкшетау қаласынан Ақмола облысының Макинка ауылына автобуспен шыққан әкеміз Степногорск қаласына қарай өтіп кеткен. Содан бері із-түзсіз жоқ. Полицияға хабарласып, іздеу салдық, әзірге нәтиже болмай тұр. Ерекше белгілерін айтар болсам, әкемнің бойы 172-175 см, қолына «Фаузия» деп жазылған жəне раушан гүлі салынған. Кейде жадынан жаңылып қалатыны бар еді, өйткені, 2006 жылы инсульт алған. Әкемді іздеп жүргеніме 13 жыл болды... Тауып берген адамға 1 000 000 (1 миллион) теңге көлемінде сыйақы дайындап қойдым. 

(Əкемнің фотосын «Бармысың, бауырым?» хабарының əлеуметтік желідегі парақшаларына жəне «Қазақ радиосының» сайтына жариялауға рұхсат беремін.-авт.)

«Бармысың, бауырым» хабары «Қазақ радиосының» әуе толқынында сейсенбі, 10:15-те тікелей эфирде өтеді. Студияның байланыс нөмірі:

+7(717-2)75-72-75 және +77075355383 –WhatsApp.

ЖАҚЫНЫҢЫЗ ЖАНЫҢЫЗДАН ТАБЫЛСЫН!