Шет елден мал әкелу мәселелері

Қазақ радиосының «Аграрлы Қазақстан» хабарында «Шет елден мал әкелу мәселелері» тақырыбы талқыланды.

«Шетелден бір миллион бас мал әкелінеді» деген ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Қоғамдық пікір екіге бөлінді. Бірі оны қолдаса, екінші топ қарсы пікірлерін жазды. Қазақ радиосының «Аграрлы Қазақстан» хабарына қонақта болған блогер Мырзахмет Өксікбаев осы мәселеге байланысты өз ойын ортаға салды. Сондай-ақ, хабар барысында ауылшаруашылық саласының мамандарына телефон арқылы хабарласып, олардың пікірлері эфирден берілді. Мысалы, ғалым Қыдырбай Аманжолов, Ресейлік білікті маман Сергей Лопатин, Коперативтерді дамыту бірлестігінің вице президенті Бахытбек Емберген аталған мәселе бойынша ойларын айтты. Мамандар Қазақстанға шет елден 1 миллион мал басын әкелу көтере алмайтын шығын, ысырап болатындығын, оған жұмсалатын қаржыны ел ішіндегі инфроқұрылымды дамытуға салса әлдеқайда тиімді екендігін жеткізді.

Хабарды толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабарды дайындап жүргізген Анас Ахатұлы.