ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым министрліктерінің қолдауымен «Qazaq Epos» ағарту жобасы, «Тұлпар мініп, ту алған!» республикалық байқауы басталды. Байқауға 5000 мектеп, 20000 мұғалім, 50000 оқушы қатысып жатыр.
Өскелең ұрпақты халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге тәрбиелеуді мақсат еткен жоба жайлы бүгіннен бастап «Шалқар» ұлттық радиосының «Тұлпар мініп, ту алған!» хабарынан тыңдай аласыздар!
«Тұлпар мініп, ту алған!» бағдарламасы әр аптаның сәрсенбі күні сағат 14:00-де «Шалқар» радиосының эфирінен беріледі.