Әже – әулеттің ұйытқысы

Немере бойына парасаттылықтың дәнін дарытқан, кіршіксіз көңіліне даналықтың нұрын тамызған әжелер жайындағы хабарымызда 30 жылға жуық құқық қорғау саласында еңбек еткен, Қостанай обылысның Ішкі істер басқармасынан зейнетке шыққан Көңілашар Байжановтың әже әлдиіндегі әлеміне саяхат жасалды. 

1930 жылы ерінен 4 баламен жесір қалған Сақыпжамал ана 88 жасқа келіп, дүние салған. Бауырында өскен үлкен ұлының кенже баласы, яғни, немересі Көңілашар сол кезде 24 жаста болыпты. Әкесі Мұқаштың айтуынша, 30 жылдардағы ашаршылықтан әжесінің арқасында аман қалған. 

Көңілашар Мұқашұлының әжесі байдың қызы болған екен. Оны біз бертін келе ғана білдік. Бұны бізге тіс жарып айтпайтын. Сақшы бүгін келіп алып кететіндей қорқып отыратын еді жарықтық,- дейді. Балалық шағына саяхат жасап, әжесі дайындайтын құрт пен майын ерекше ыстық ықыласпен еске алады.

Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайынның бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Ұлы адамдардың өзі осы әжелерден үлгі алған. Шоқан да әжесінің өнеге сөздерін күнделік дәптеріне жазып қойған екен. «Байлық та, бақыт та тиянақсыз, ең тиянақты қасиет – өнер - білім».

Толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабардың авторы әрі редакторы- Альмира Елімсары.