Дәрі-дәрмек бағасы барлық өңірде бірдей бағада сатылады

Қазақстанның 11 өңірінде науқастар өздеріне берілуі тиіс дәрі-дәрмекті алмаған. Маусым айынан бастап дәрі-дәрмек бағасы барлық өңірде бірдей бағада сатылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы Людмила Бұйрабекова мәлімдеді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте комитет басшысы бір жыл бұрын министрлік тарапынан құрылған мониторинг тобының жұмыс нәтижесімен бөлісті. Сол дерекке сүйенсек, еліміздің 11 өңірінде 2016-2017 жылдарға арналған 4,3 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі пайдаланылмай қалып қойған. Ал дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде аталған дәрі-дәректер науқастарға берілген деп көрсетілген.

Толығырақ «Медиа шолу» хабарында.

Хабардың редакторы- Нұртас Нұрғали.