Қарағандылық дизайнер көмірден әшекейлер жасайды

Ольга Целлер есімді қарағандылық дизайнердің негізгі мамандығы – экономист. Бірақ, бес жыл бұрын әшекей жасауға әуестене бастаған.  



Ол көмірден сырға, мойыналқа және білезік жасайды. «Менің әшекейлеріме негізінен, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінен тапсырыс береді. Немесе шетелге баратын жерлестеріміз сатып алады» дейді дизайнер. Оның айтуынша, көмір көптеген тастармен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл және арзан. Дегенмен, қара агат секілді әдемі көрінеді. Өз әшекейлері үшін дизайнер антрацит көмірін таңдайды. Оның түсі қою қара әрі жылтыр болып келеді. Қол өнер шебері бір әшекей жасау үшін 10 күн жұмсайды екен. Олар әзірлеген бұйымдарымды кәдесый түрінде және Қарағандының бір бөлшегі ретінде алып кетеді», - дейді Ольга Целлер.  


Өзге де қызықты жаңалықтар хабардың аудионұсқасында. 

«Аң-таң» хабарын әр сәрсенбі сағат 09:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз.