Мектептегі цифрландыру жүйесі

Қазақ радиосындағы «Цифрлы Қазақстан» хабарының қонағы болған №76 мектеп-лицей директорының орынбасары, биология пәнінің мұғалімі Ардақ Алғашбайқызы мектептегі цифрландыру жүйесінің тиімділігі жайлы айтты. 

Оқушыларымыздың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыру біздің білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.

Қазір мектеп-лицейімізде осы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пән ретінде 3-сыныпта оқыту бұл оқушыларды, оқуда және күнделікті өмірде актны тиімді қолдану үшін, қазіргі ақпараттық технологиялардың негізгі білімімен, жұмыс істеу дағдыларымен таныстыруды көздейді. Оқушылардың бастауыштан бастап қалыптасқаны, менің ойымша, болашақта сұранысқа сай, заманауи, білікті маман болатынына өз септігін тигізетініне сенімім мол.

Мектептегі цифрландыру жүйесінің тиімділігінен оқушыларды даярлайтын ұстаздардың да жұмысы жеңілдеп, қағазбастылықтан құтқарылды деп айта аламын. Себебі, мұғалімдер НОБД ҰБДҚ (ұлттық білім беру деректер қоры), Электронды күнделік, Электронды порфолиомен, БілімLand ресурстарын пайдаланумен, 3D форматтағы кітаптармен, электронды арнайы бағдарламалармен жұмыс істеуді меңгерген.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

«Цифрлы Қазақстан» хабарын әр сәрсенбі 10:15-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз.