Қуаныш Жиенбай: Тұңғыш рет қылмыс жасадым

Қазақ радиосының «Әдебиет әлемі» хабарында «Елде жоқ ережелер», «Ән салуға әлі ерте», «Күн түспейтін терезе» атты әңгіме, повест, романдардан тұратын прозалық жинақтардың авторы, Халықаралық алаш әдеби сыйлығының иегері, жазушы Қуаныш Жиенбай қонақта болды. 

Хабар барысында жазушының шығармашылығы мен өмірдерегі әңгімеге арқау болды. «Туған күнімді де, айымды да өзім жазып алдым. Сөйтіп тұңғыш рет қылмыс жасадым» ,- деп ағынан жарылды Қуаныш Жиенбай өз сұхбатында.

Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдауға болады.

Хабардың авторы әрі жүргізушісі- Айнұр Шамшейтова.