Шоколадты күнделікті тұтынудың пайдасы

Дәрігерлердің зерттеуі бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты ағзаңызға күн сәулесі жеткіліксіз болса, шоколадты күнделікті жеу керек. Шоколадты неліктен күнделікті тұтынған дұрыс?  

Ғалымдар дәлелі

Какао-бұршақтарының құрамындағы жеңіл қорытылатын көмірсулар, майлар, өзектер мен В тобының дәрумендері,антиоксиданттар және тағы басқа ағзаға қажетті заттардың бәрі шоколад құрамында жиі кездеседі. Сондай-ақ дәрігерлердің пайымдауынша, шоколад қандағы холестерин деңгейін тұрақтандырып, адамның есте сақтау қабілетін жақсартады.

Неліктен күнделікті пайдалану керек?

Мамандар көктем мерзімінде шоколадты күнделікті тұтынуға кеңес береді. Ол шаршағандықты басып, ашушаңдық пен агрессияны төмендетіп адамның психологиялық тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жүрек соғу жұмысына да оң әсерін тигізетінін дәлелдеген. «Шоколад құрамындағы кокохил атты ерекше қоспаның арқасында адам терісінің жасушалары жасарып, қан айналымы жақсара түседі»,- деп жазады ғалымдар.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

«Керек дерек» хабарын әр бейсенбі сағат 09:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз.