Қайырымдылық – қазаққа тән

Әлемге әйгілі ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз: Адамдары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам – қайырымды қоғам. Барлық қалаларда бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық – қайырымды халық. Егер халық бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отырса, бүкіл ғалам қайырымды болмақ,- деген екен. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі жағымды жаңалығымен елді қуантты. Діни басқарманың Шымқаладағы өкілдігі мен «Зекет» қоры бірлесіп «Баспанаға жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруда. Аталған жаңа бастама – «Баспанаға жол» қайырымдылық акциясының мақсаты қиыншылық қыспағында қалған көпбалалы отбасыларға көмектесу. Бұл акцияға жағдайы төмен, жеке баспанасы жоқ, пәтер жалдап тұратын, жұмыссыз отырған, асыраушысынан айырылған жандар қатыса алады. Осындай жағдайға түскен отбасыларға демеушілер есебінен аз да болса пәтер ақыларын төлеуге жәрдемдеседі.

Осы және өзге де еліміздің аймақтарында халықты қайырымдылыққа үндейтін, мұқтаж жандарға мейірім нұрын төккен игі бастамалар жайында «Атымтай» хабарында айтылды.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы- Нұртас Нұрғали.