Тау тұлға – Бауыржан Момышұлы

Адамзат барда, туған ел дәуірлеп тұрғанда есімі жаңғырып, ой-пікірі мен азаматтық ісі ауыздан-ауызға көшіп жүретін тау тұлғалы ұлт зиялылары болады. Олардың болмысы, жазып қалдырған хаты өзі дүниеден өтсе де алғы күндерге жалғасып, келешек ұрпақтың кәдесіне жарап жатады. Сондай өмірі өнеге болған жардардың бірі – Бауыржан Момышұлы. Кесек мінезі, терең ойлылық, жанының жайдармандығы, тек ерлік жасауға жаратылғандай саңылақтығы, өнердің небір нәзік иірімдерін асқан сезімталдықпен түсіне білетін сергектігі, жақсылыққа іңкәрлік пен адамжандылығы Баукеңді дараландырып тұрушы еді. 

Шын мәніндегі халқымыздың еркесі, тіртуар жампозы Бауыржан Момышұлының әр сөзі кейінгі ұрпақ үшін өрісті де өнегелі мектеп. Бүгінгі «Асыл мұра» хабарынан жазушысы Мамытбек Қалдыбаевтың Баукең әңгімелерінің негізінде жазған кітабынан үзінділер тыңдай аласыздар.

«Асыл мұра» хабары әр аптаның жұма күні сағат 15:10-да Қазақ радиосының эфирінен беріледі.

Хабардың редакторы- Жанат Жанұзақ.