Өмірі өнегеге айналған

Өзін білген адамға қадыр-қасиетін өтінбей өткізе алатын жандар болады. Олар қашанда ел алдында елеулі, ал еңбекте енжар емес. Сондай ұлағатты ұлан міндетін дер кезінде ұға білген жандардың бірі – жазушы Қоғабай Сәрсекеев. Өмірдің асу ағынымен бағытсыз ыға бермей, өрге ұмтылған дарын иесі, талмай іздену арқылы өзіне тән өмір арнасын тапты. Сондай-ақ ол өзі сыйлаған адамға жалғыз атын сойып беруге дайын еді. Жазушының Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған бір сұхбаты жазушы Кемел Тоқаев жайында өрбіген екен.

Кемел Тоқаев – өзі өмір сүрген қоғамның қасіреті болған жат тірлікті шытырман оқиғаларға желі етіп, сабақ алар, салмақты мұра қалдырған дарын иесі еді. Оның қаламынан туған еңбектерінде отаншылдық рух, ұлттық патротизм басым түсіп жататын. Қоғабай Сәрсекеев те осы Кемел ағаның шарапатын көрген жан.

«Дәуір үні» хабарының бүгінгі шығарылымынан халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы Қоғабай Сәрсекеевтің «Алтын қордағы» дауысын тыңдай аласыздар.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы- Жанат Жанұзақ.