Радиохабарлар тарату уақытша тоқтайды

Сандық эфирлік телехабар таратуға көшуге байланысты Маңғыстау облысы Ақтау радиотелевизиялық станциясында аналогтық хабар таратудың техникалық жабдықтарын ажырату арқылы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Қазтелерадио» АҚ жақын маңдағы аудан тұрғындарына 14-17 мамыр аралығында радиохабарлар трансляциясы уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.

Аталған аймақта 14-17 мамыр күндері сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін Classic, Qazaq radiosy, Shalqar радиолары хабар таратуын уақытша тоқтатады.

Қайнар көз: https://kaztrk.kz