Елімізде зерттеуді қажет ететін жерлер көп

Қаңтар айынан бастап Түркістанның ең көне бөлігі - Күлтөбе қалашығында қазба жұмыстары жүріп жатыр. Экспедиция жетекшісі Отырар музейінің ғылым жөніндегі директоры, мәдениет саласының үздігі, археолог, этнолог Серік Ақылбектің мәліметінше, XIX ғасырға тән Қоқан үйінің қалдықтары, одан 70 сантиметрдей төмен тұста XVI-XVII қазақ үйлерінің орны, күлі сол қалпында сақталған тандыр және әр ғасырға тән құмыра сынықтары табылған.

Ал еліміздегі көне өркениет іздері мол сақталған Сыр өлкесінде қазба жұмыстары енді басталып жатыр. Тарих ғылымдарының кандидаты, археолог, этнолог Әзілхан Тажекеевтің пікірінше, бұл өңірдің бес мыңжылдықты қамтитын тарихы бар. 

Бұл туралы Қазақ радиосының «Көне көмбе» хабарында айтылды. Студия қонағы- археолог, этнолог Ұлан Үмітқали. Хабардың редакторы- Ғалия Есқұлова.

Толық ақпарат видео және аудионұсқада.