Әсемдікке құштарлық сөйлеу мәдениетінен көрініс табуы тиіс

Сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың тетіктері аз емес. Ең бастысы – жеке тұлғаның рухани қажеттілігі мен өзіндік ізденістің болуы. Ақылдың кені Абайдың сөзімен айтсақ, «жан құмары қажет». «Адам баласы әсемнен әсем таңдайды» дейді Мағжан Жұмабаев. Ендеше, біздің әсемдікке деген құштарығымыз сөйлеу мәдениетінен де көрініс табуы тиіс. Басты мақсатымыз – сауатты сөз саптап, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. 

Бұл туралы Қазақ радиосының «Сөйлеу мәдениеті» хабарында айтылды. Қоғамдық ойға қозғау салатын хабардың тұрақты қонағы - филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы.

Хабардың жүргізушісі - Айнұр Шамшейт.