Тілге құрмет – елге құрмет

Тіл – қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени деңгейін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. «Төрде отырып теріс сөйлегеннен без» деген Бәйдібек бидің сөзі бар. Көргені көп, көңілге түйгені мол бидің осы сөзінен-ақ біраз сұрақтың жауабы табылып тұрған сияқты. Расында алдыңғы дөңгелек қайда жүрсе соңғысы сонда жүретінін ескеріп, аға-апаларымыз сауатты сөйлеп, бағыт-бағдар көрсете білсе кейінгі ұрпақ та ана тілімізге деген құрметті ұстана отырып, өз-өзін тәрбиелейтіні сөзсіз.

Қазақ радиосының «Сөйлеу мәдениеті» хабарының бүгінгі шығарылымында «Ана тіліне деген құрметті ұстана отырып, адамның өзін-өзі тәрбиелеуі» деген тақырып көтерілмек. Хабардың тұрақты қонағы - филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы.

Хабардың редакторы - Айнұр Шамшейт.

«Сөйлеу мәдениеті» хабары әр аптаның дүйсенбі күні сағат 11:10-да Қазақ радиосының эфирінен беріледі.