Сөз құдіреті термеде

Қазақтың сөз өнерінің қасиетін ұқтыратын «Терме-толғаулар» хабарының кезекті қонақтары - балалықтың балдәурен күнінен өнер деген құдіретке ынтызары ауып, оның соқпағына түсуге бел байлаған таланттар, Қазақ ұлттық өнер университетінің 1-ші курс студенттері Айбала Өсиетқызы және Айдана Қаржаубайқызы.

Тікелей эфир барысында 757275 байланыс нөміріне хабарласып, студия қонақтарына сұрақ қоюға болады. Астана қаласының коды: 7172. Сонымен қатар, хабарды Қазақ радиосының facebook, instagram парақшаларынан, Youtube каналынан тікелей эфирде тамашалауға мүмкіндік бар.

Хабардың редакторы - Қошан Мұстафаұлы.

«Терме-толғаулар» хабары әр аптаның бейсенбі күні сағат 14:30-да Қазақ радиосының тікелей эфирінен беріледі.