Қазақ елі – түркі әлемінің қасиетті қара шаңырағы

Құпиясы мол «Түркі әлемінің» ғажайыптары тыңдармандарды таң қалдыруын тоқтатпайды. Бүгінгі хабардың қонағы - бар ғұмырын ғылым жолына арнаған Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «түркітану-алтайтану орталығының» директоры, доктор, профессор, түрколог Қаржаубай Сартқожаұлы.

Хабарда түркі тілдес халықтардың рухани-мәдени байланыстары, Қытай мемлекетінің ішіндегі түркітілдес халықтардың жағдайы, әлем танитын тарихи тұлға Шыңғысхан тақырыбы қозғалады. Сонымен қатар, Түркі академиясының жұмыстары және ғұн жазуының табылғаны жөнінде де ақпарат берілді. 

«Түріктен басқа от болып жан туып па? Көп түрік енші алысып тарасқанда, қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?» деп Мағжан Жұмабаев атамыз жырлағандай, Қазақ елі – түркі әлемінің қасиетті қара шаңырағы. Тәуелсіз Қазақстанымыз түркі әлемінің бірлігі мен ынтымағын арттыруда әрдайым ізгі бастамалары мен ірі жобаларын жасап көш бастап келеді. 

Толық ақпарат «Түркі әлемі» хабарының аудионұсқасында. 

Сұхбатты жүргізген Толқын Сұлтан.