Ми белсенділігін арттыру үшін қалай тамақтану керек?

Егер дұрыс тамақтанатын болсаңыз, жұмысыңызды 20%-ға өнімді атқаратын боласыз. Ал дұрыс тамақтану дегеніміз не? Ми белсенділігін арттыру үшін қалай тамақтану керек?  

Тұнық ойлап, әр неге сергек қарау үшін біз қан құрамындағы глюкозаның (яғни қант) қажетті нормасын қалыпта ұстауымыз қажет. Ол межеден асып немесе кеміп кетпеуі тиіс. Бір қуантарлығы, адам қант деңгейіне өзі бақылау жасай алады, яғни ол сіздің еркіңізде.

Кейбір тағамдар құрамындағы глюкоза қан құрамына бірден тарап кетсе, кейбіреуіне ұзақ уақыт қажет. Роэхэмптон университетінің зерттеушісі Ли Гибсонның тұжырымдауынша, қан құрамында 25 г глюкоза болуы тиіс. Мұны бір ғана бананнан алуға болады.

Қантты әрине бананнан басқа да өнімдер бере алады. Сіздің ағзаңызды тәтті тоқаш та қантпен қамтамасыз етуге қауқарлы. Алайда олардан алынған глюкоза қан құрамында 20 минут қана сақталып, ағзадағы деңгейі тез төмендей бастайды.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

«Керек дерек» хабарын әр бейсенбі сағат 09:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз.

Сурет aif.ru сайтынан алынды.