Аналардың анасы

Домалақ ана қазақ даласына VII ғасырда өмір сүрген. Жастайынан даналығымен, әулиелігімен танылған. Қазақстанның оңтүстік өңірінің біраз бөлігін алып жатқан Шапырашты, Ысты, Албан, Суан, Дулаттың анасы. Шын есімі – Нұрила. Өзгені өз баласындай көріп, төңірегіне аналық мейірін шашқан, барынша кішіпейіл, алдағы күннің жайын ойлап айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаз, көреген қасиетін құрметтеген ұрпақтары сол заманнның өзінде-ақ оның атын атамай, жаратылысынан бойының шағын болғандығына қарай «домалақ ана», «домалақ ене» атап кетіпті.  

Нұрила «алғашқы білегін ұстаған ер адам өмірлік жарым болады» деген екен. Бірде құдыққа түсіп кеткен оны Бәйдібек білегінен ұстап алып шығады. Міне, Домалақ ана осылай Бәйдібек батырдың үшінші әйелі болады. Бұл жөнінде қоғам қайраткері Өмірбек Бәйгелді Қазақ радиосының «Тұңғыштар» хабарына берген сұхбатында айтты.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы - Алмас Байдрахман.