Жомарттық – асыл қасиет

Қазақтың бір қасиеті – жомарттық десек те, батыс зерттеушілерінің дерегі көңіл көншітерлік емес. Қалай дейсіз ғой? 

Статистикаға сүйенсек, «қайырымдылық жарысы» әлеуметтік жобасы бойынша қайырымдылық жасаудан Қазақстан 96 орында екен. 

Зерттеу кезінде әлеуметтанушы мамандар 146 елде сауалнама жүргізген. Нақты дерек бойынша, жалпы 150 мыңнан астам адам сауалнамаға қатысқан. Зерттеу қорытындысы бойынша, әрбір бесінші адам өмірінде бір рет болса да қайырымдылық жасап, еріктілер қатарында болған. Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі өздері танымайтын жандарға қол ұшын беруді әдетке айналдырғанын айтады. Сондай-ақ олардың 30 пайызы қайырымдылық ретінде жақсылықтың жанашыры болған түрлі ұйымдарға ақша аударған. Негізінен әлемде жақсылық жасаушылардың көбі ер адамдар екен. Соңғы жылдары еріктілердің қатарында әйелдердің де саны артқан. Оған себеп мамандар қайырымдылықтың пайдасын жиі зерттеп, ел арасында насихат жұмыстарын күшейткені болса керек. Солардың бірі белгілі әлеуметтанушы Дейв Адамс. Ол қайырымдылыққа ерікті болуға итермелейтін себептердің тізімін жасаған. «Игі істер денсаулыққа оң әсер етіп, адам өмірін ұзартады. Сондай-ақ жеке тұлға ретінде дамуға көмектеседі» дейді зерттеуші. Қайырымдылық жасаудан көш басында Индонезия, Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ және Ирландия тұр. Ал Қазақстан халқының 28 пайызы қайырымдылық жасауды дағдыға айналдырған. Бір үзім нанымен бөліскен дархан пейілі мен көңілі даласындай кең қазақтың ұрпақтары жақсылық жасауды әдетке айналдырып, осы көрсеткіштің жылдан-жылға деңгейі көтеріліп, әр қазақ менің жалғызым дейтін заманның да туары хақ.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы- Нұртас Нұрғали.