Азаматтық алу оңай ма?

Тұрған еліңнің толыққанды азаматы болу – мемлекет тарапынан жан-жақты қамқорлыққа бөленудің және қорғалудың кепілі. Сондықтан жеке тұлғаларға азаматтық берілу мәселесі ұлттық қауіпсіздікпен астасып жатқан ерекше құбылыс. Өкінішке қарай, соңғы жылдарда сырттан келгендерге Қазақстан азаматтығын беру үдерісінде келеңсіз жайттар жоқ емес... 

Қазақстан азаматтығы, негізінен, сырттан көшіп келген қандастарымызға, легионер спортшыларға, Қазақстан азаматшасымен үйленген шетелдіктерге беріліп келеді. Және соңғы кезде... кейбір шетел азаматтарының коррупциялық жолмен ҚР азаматтығын иеленген жайы белгілі болды. Жеке тұлға ретінде әрбір ел азаматы – мемлекеттің тірегі. Сондықтан мемлекет азаматтығын беру мәселесі аса сақтықпен жүзеге асатын іс.

Бұл туралы Қазақ радиосының «Медиа шолу» хабарында айтылды.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы- Нұртас Нұрғали.