«Дала фольклорының антологиясы» жинағына байланысты брифинг өтеді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамына кіретін «Qazaq radiolary» ЖШС-нің «Дала фольклорының антологиясы» атты жинағының тұсаукесеріне байланысты брифинг өтеді.  

«Дала фольклорының антологиясы» жинағы Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынның аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асты.

Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Жоламанов Әбіл Тауфиқұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Аманжол Әлтаев және «Qazaq radiolary» ЖШС-нің директоры Құрманбек Жұмағали қатысады.