Табиғаты бөлек лирик ақын

Жүректен шыққан асыл сөз – поэзия, Мұқағали жанының тебіренісі. Сондықтан оның асқақ та, адуынды, нәзік те сыршыл жырлары өнер сүйер қауымның жүрегін бірден баурай жөнеледі. Мұқағали ізгілік пен ілтипатты, ғашықтық пен іңкәрлікті жырлап өткен болмысы дара, табиғаты бөлек лирик рухты жан.

«Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын қуаныштан туған»,-деген екен ақын Тұманбай Молдағалиев. Расында да, Мұқағали Мақатаевтың сырлы да мұңлы, нұрлы, өршіл жырларынан талай қазақ баласы қуат алды. Әлі де ала бермек.

Қазақ радиосының «Алтын қорында» 90 жылдарды ақиық ақын шығармашылығына арналған «Мирас» атты хабар сақталыпты. Оны бүгін 15:10-да Қазақ радиосының «Асыл мұра» бағдарламасынан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы- Жанат Жанұзақ.