Ұлтымыздың фольклорын біліп өскен ұрпақ ұтылмайды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев:

Ең алдымен бұл жоба арқылы балаларымыздың санасына бабаларымыздың бай мұрасын сіңіреміз. Ұлы даланың, Ұлы ұлтымыздың фольклорын біліп өскен ұрпақ ешқашан ұтылмайды.

«Дала фольклорының антологиясы» жинағының тағы бір ерекшелігі – бұл кітаптың ішіндегі арнайы дисклерге жинақталған әндер, алғашқы орындаушылардың үнімен түпнұсқа қалпында еніп отыр. 

Атап айтқанда, Әміре Қашаубаевтың «Балқадишасы», «Дударайы», «Жалғыз аршасы» мен «Бесқарагері» бар. Кенен Әзірбаевтың «Көкшолағын», «Бозторғайын», «Бұлбұлға» және «Домбырасын» тыңдай аласыздар. Манарбек Ержанов, Қали Байжанов, Байғабыл Жылқыбаев сынды әншілердің әндері де осы жинақта сақталды.