Халықтың Серкесі

Қазақ театры мен киносына сүбелі үлес қосқан тұлғалардың бірі – Серке Қожамқұлов. Ол – алғашқы қазақ театрының негізін қалаушы, Ресей және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек Ері.

Серке Қожамқұловтың бала күнгі арманы мұғалім болу екен. Сол арман жолында еңбектенді де. Алайда өмір арнасы ол кісіні өнерге жетеледі.

Халықтың Серкесi 84-ке қараған шағында, яғни 1979 жылдың 25 желтоқсанында соңғы рет «Ана – Жер – Ана» спектаклiндегi Ақсақал рөлiн ақырғы рет сомдайды. Содан соң 6 күннен кейiн дүниеден өтедi.

Серке Қожамқұлов қазақ үшін, қазақтың өнері үшін көп еңбек етті. Қазақ радиосының «Алтын қорында» Серағаңның сұхбаттары сақталған. Солардың бірі 1976 жылы таспаға түсіпті. Бүгін 15:10-да Қазақ радиосының «Дәуір үні» хабарынан сол сұхбатты тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы – Жанат Жанұзақ.