Әдебиет – ардың ісі

«Әдебиет әлемі» хабарының бүгінгі саны жазушы Берік Шаханұлының шығармашылығы мен өмірдерегіне арналады.

Берік Шаханұлы жоғарғы оқу орнын бітірген соң Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істейді. 1973-1989 жылдар аралығында «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, 1989- 91 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер болып жұмыс істеген. Одан бері біраз жерде қызмет ете жүріп көптеген шығармалар, әңгімелер жазды. «Ғашықтың тілі», «Ақ иірім», «Қаратаудың самалы» атты және тағы да көптеген повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрген.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Берік Шаханұлымен әңгімені ертең сағат 14:30-да Қазақ радиосының эфирінен тыңдай аласыздар.

Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Айнұр Шамшейтова.