Қазақтың көзі, құлағы һәм тілі

«Қазақ» газеті 1913 жылдың 2 ақпанынан бастап халыққа жол тартып, 1918 жылға дейін 266 саны шығып үлгеріпті.

Басылымның «Қазақ» аталуында екі түрлі мағына барлығы аңғарылады. Біріншіден, газет жалпыұлттық газет болғандықтан, мақсаты жері бөлшектеніп, елі бытырап жүрген қазақ халқын топтастырып, бір ортаға біріктіру болғандықтан да ұлт атын иемденіп «Қазақ» аталды. Екіншіден, кітәби, әдеби, ғылыми айналымда қазақ атының өз аты аталмай, қырғыз аталып келгендігі белгілі, сондықтан, туған халқының төл атын қайта оралту мақсатында, қазақ зиялылары өз баспасөзін осылай атауды мақұл көрген екен.

«Қазақ» газетінің жарыққа шығуы қазақтың әлеуметтік ойының дамуына қандай әсер етті? Қазақ радиосының эфирінен өтетін «Алашнама» xабарының кезекті тақырыбы осы турасында болды. Студия қонағы: Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, алаштанушы ғалым Қайрат Сақ.

Қайрат Сақпен болған сұхбатты толығырақ видео және аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы: Ербол Алшынбай.

Сурет inform.kz сайтынан алынды.