Қазақ топырағы – сақ әлемінің алтын діңгегі

Археология саласындағы үлкен кемшілік – қазақ топырағында зертханалардың жоқтығы.

Қазақ радиосының «Көне көмбе» хабарында осы мәселе әңгімеге арқау болды. Студия қонақтары - тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Арман Зияденұлы Бейсенов және археолог, этнолог Ұлан Үмітқали.

«Жерді қаза беру міндет емес, оны зерттеп тарихты жазу маңызды. Қазақстанның қай бұрышына барсаңыз да тұнған шежіре, бірегей тарих. Ашылмаған құпия көп. Әлі де алтын адамдардың табылуы мүмкін. Қазақ топырағы – сақ әлемінің алтын діңгегі. Сақ мәдениеті қазақ жерінен тараған»,- дейді Арман Зияденұлы.

Толық ақпарат видео және аудионұсқада.

Хабардың редакторы- Ғалия Есқұлова.