Үйдің сәнін келтіретін бөлме гүлдері ерекше күтімді қажет етеді. Мысалы, жапырақтарын аптасына 1-2 рет жылы сумен сүртіп тұрған абзал. Бұдан бөлек гүлдерді өсіру, баптау тәсілдері көп.
• Гүл әдемі болып өсу үшін оған құятын суды 1 күн бұрын ыдысқа құйып, беті ашық күйінде қояды.
• Бөлме гүлдерінің түбіндегі топырақты қопсытып барып су құйса, жылдам өсуіне оң әсерін тигізеді.
• Айына бір рет қант салынған су құйып тұрса, бөлме өсімдіктерінің түсі қанық болады әрі солып қалмайды.
• Егер гүл түбіндегі топырағы құрғап, жарылып кетсе, өзен жағасындағы құмнан немесе ағаш үгіндісінен аз мөлшерде қосады.
Бөлме гүлдерінің ерекше күтімі жайлы осы және өзге де ақпараттар Қазақ радиосының «Гүлдесте» хабарында айтылды.
Толық ақпарат аудионұсқада.
Бағдарламаның редакторы: Айнұр Шамшейтова.