Отан отбасынан басталады

«Шалқар» радиосының «Құтты қонақ» бағдарламасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицері, ҚРҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасы мемлекеттік тілді дамыту қызметінің бастығы, полковник Манарбек Ибраһим қонақта болды.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Қазақтың төл әскері - Қарулы күшінің құрылған күні. Мерекеге орай полковник Манарбек Ибраһим Отан қорғаудың қасиетті борыш екенін айтып, жастарды елінің нағыз патриоты болуға шақырды. Жас ұрпақты Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру жетекші орын алатынын, өйткені, Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды екенін тілге тиек етті. Бағдарлама соңында өзінің өлеңдерін оқып берді.

Толығырақ видео және аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны жүргізген Гүлнұр Омарханқызы.