Поэзия құдіретін сезінген ақын ғұмыр

Бүгінгі «Дәуір үні» хабарынан сіздер сыршыл ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сырбай Мәуленов пен Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Алтын қордағы» дауысын тыңдай аласыздар.

Сырбай Мәуленов өз мектебі бар ақын ғана емес, қазақ поэзиясын жаңа кезеңге көтере білген кемел құбылыстың бірі. Ал Мұзафар Әлімбаев өлеңінде де қазақтың мұңы мен сыры, таусылмас сағыныш сазы бар. Әсіресе оның жырларынан қазақы рухты ерекше сезінесің. 

Мұзафар Әлімбаев пен Сырбай Мәуленовтың сұхбаты Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған екен. Бұл өткен ғасырдың 80-ші жылдары үнтаспаға жазылыпты. 

Сұхбатты бүгін сағат 15:10-да Қазақ радиосының «Дәуір үні» хабарынан тыңдай аласыздар.

«Дәуір үні» хабарының редакторы: Жанат Жанұзақ. Мәтінін оқыған: Әбдірәлі Бөлебай. Әуенмен әрлеген: Гүлжанат Байшотқызы.