Шетелдегі қазақ балаларына ұлттық өнерді үйретуіміз керек

 «Сал домбыра» хабарында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәуле Жанпейісова қонақта болды. 

  1.  Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында ән кафедрасын, Жамбыл облысында филармонияны басқарған филология ғылымдарының кандидаты, әнші Сәуле бүгінде жеке өнер орталығын ашып, жас өркендерді өнерге баулып жүр. Бұрынғы мемлекеттік қызметкер басшылық қызметті аңсай ма? 
  2. «Аманат music» халықаралық байқауы Қазақстанның 14 облысы, Алматы, Нұрсұлтан қалаларынан және шетелден өнерлі өрендерді іздейді. Бұл байқау 5-20 жас аралығындағы жастарға не береді? 
  3. Сәуле Жанпейісова ұлттық өнерде жүрген өнерпаздардың жаппай эстрадаға бет бұруын – танымалдылық үшін жасалған қадам деп түсіндіреді. Мәселе эстраданың күшінде ме, әлде әншіде ме? 
  4. Сәуле Жанпейісова ұлттық музыканың хал-ақуалына бейжай қарай алмайды. «Қазақстан» ҰТА-нан шыққан Q-idols хабарына қарсы шықты, бағдарлама жабылды. «Беу» ток-шоуындағы Зируза деген жас әншінің орындауын тыңдап, мұндай өнердің ән еместігін жеткізіп, студиядан шығып кетті. Неге? 

Осы және өзге сұрақтарға жауапты Сәуле Жанпейісовамен болған сұхбаттан тыңдай аласыздар.

Толық ақпарат «Сал домбыра» хабарының аудионұсқасында.

Хабардың редакторы: Жадыра Жұмакүлбай.