Қазақ биінің қазіргі дамуы

«Шалқар» радиосының «Құтты қонақ» бағдарламасында Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры, ҚР еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты, балетмейстер, педагог-ғалым Тойған Оспанқызы Ізім қонақта болды.

Студия қонағы сұхбат барысында еліміздегі ұлттық биді насихаттап жүрген өнер ұжымдары мен ансамбльдері жөнінде айтты. Кезінде өзі өнердегі жолын бастаған, фольклорлық бидің дамуына орасан зор үлес қосып келе жатқан өнер ұжымы «Алтынай» халық би ансамблі мен «Салтанат» ансамбліндегі бүгінгі өзгерістер турасында айтты.

Тойған Оспанқызы қазақ биінің бүгінгі жағдайы, репертуары мен толғандыратын мәселелері жөнінде айта келе, жеке орындаушыларға қолдау көрсетіліп, дәстүрлі төл өнерімізді насихаттай түсу үшін арнайы хабарлар жасалып, бишілерді толғандыратын мәселелерге көбірек көңіл бөлінсе деген ойын ортаға салды.

Сұхбатты толығырақ видео және аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабарды жүргізген Ләззат Тиышбекқызы.