Тарихи сананың тетігі – тәрбиеде!

«Шалқар» радиосының «Құтты қонақ» бағдарламасында Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Құндызай Мырзашқызы және журналист Алмас Қуанбай қонақта болды.

Алаш арысы Ә. Бөкейхан: «Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға бейім тұрады...»,- деген екен. Бүгінгі бағдарламада «Қазіргі заман тарихы дегенде нені білу керекпіз? Тарихи сананы қалай жаңғыртып жатырмыз? Ұлттық рухты қажетті деңгейге көтеру үшін біздің шын тарихымыз, дініміз, мәдениетіміз қандай?» деген сауалдар ой-талқыға түсті. 

Студия қонақтары тарихшы Құндызай Мырзашқызы мен журналист Алмас Қуанбай тарихи сананы жетілдірудің, тарихи жадыны жаңғыртудың бірден бір тетігі – тәрбие деген пікірді алға тартып, тәрбие қалыптаспаса ұлттық рух болмайтынын айтты. 

Толық ақпарат видеонұсқада.

Бағдарламаны жүргізген Гүлнұр Омарханқызы.