Еліміздегі экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері

Қазақ радиосының «Қайырлы таң, Қазақ елі» бағдарламасында Халықаралық экология академиясының президенті, техника ғылымдарының докторы, профессор, эколог Дуамбеков Мұсағали Сәрсенбайұлы қонақта болды.  

Студия қонағы сұхбат барысында еліміздің қазіргі экологиялық жағдайы мен түйіткілді мәселелері жөнінде айтты. Сондай-ақ «халал», «био», «органик» және «эко» сынды стандарттық сертификатын беру үшін қандай талаптар қойылатынын тілге тиек етті.

Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабарды жүргізгендер: Еламан Әмірғазы және Әсел Әбілбек.