Баспаналы болудың мүмкіндігі артты

Елімізде 340 мыңға жуық көп балалы отбасы бар, олардың ішінде 31 мыңнан астамы баспанаға мұқтаж ретінде әкімдіктердің кезегінде тіркелген. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

Жыл сайын көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға өңірлерге 50 млрд теңгеден бөлу көзделген. Сөйтіп әр жылда 6 мың көп балалы отбасы баспанамен қамтамасыз етілмек. Жоспар бойынша 2025 жылға дейін 40 мың көп балалы отбасы жалдамалы тұрғын үймен қамтылады.

Толық ақпарат «Медиа шолу» хабарының аудионұсқасында.

Хабардың редакторы: Нұртас Нұрғали.