«Үркер» романы

«Үркер» – Әбіш Кекілбаевтың кіші жүз руларының Ресей Империясына қосылған кездегі жағдайын сипаттайтын көлемді тарихи романы. Шығармада талай тар жол, тайғақ кешулер арқылы өткен өткелдер дәлелді де, әділетті де айтылған.

«Үркер» шығармасы негізгі төрт бөліктен тұрады: Тығырық, Елшілік, Арбасу, Айқас. Шығарманың барлық басты кейіпкерлері – Тәуке, Әбілқайыр, Бөкенбай, Тевкелев немесе белгілі билер: Қазыбек, Төле, Әйтеке және басқалар әсте де ойдан шығарылған емес, өмірде, тарихта болған, қоғам өмірінде өздерінің істеріне қарай белгілі дәрежеде із қалдырған нақты адамдар, үлкенді-кішілі қайраткерлер.       

Бүгін «Көкжиек» хабарынан «Үркер» романының жалғасын тыңдай аласыздар.       

«Көкжиек» хабары бүгін 21:00-де Қазақ радиосының эфирінен беріледі.       

Хабардың редакторы- Альмира Елімсары.