Еңбек – барлық жетістіктердің бастауы

Жаңа кәсіп бастау, өзінің сүйікті ісімен айналысу кімге болса да арман. Десе де көп жағдайда арманның соңынан жүруге қаржылық мәселелер мен мүмкіндіктің болмауы кедергі келтіріп жатады. Мұнда кәсіби сауаттылық пен білімнің жетіспеуі де адамға дұрыс бағыт таңдауға қиындық келтіреді. Осы ретте өз кәсібімді ашам деушілерге мемлекет тарапынан көптеген қолдау көрсетіліп жатқанын айта кету керек.

«101 кәсіп» хабарының кейіпкері де өз кәсібін ашарда ең алдымен кәсіби мамандардың пікіріне сүйенді. Өзінің аз-кем тәжірибесіне иек артты. Әр нәрсеге тыраштанып ұмтыла бермей, ішкі қажыр-қайратын жанып, тәуекелге бел буды. Міне, сөйтіп ол арманын жақындатты, қиыншылық атаулыны алшақ етті. Ол «S5 EKOCUP» ЖШС директоры, кәсіпкер Рабаева Сапаргүл Еділханқызы.  

Сапаргүл Еділханқызымен болған сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздыр. 

Хабардың редакторы – Алмас Байдрахман.