Базаргүл Сейтжанқызы: Менің мақсатым рейтинг жинау емес

«Шалқар» радиосының «Құтты қонақ» бағдарламасында  Ақпарат саласының үздігі, Qazir.kz интернет порталының бас редакторы Базаргүл Сейітжанқызы Үмбетова қонақта болды.

Студия қонағы өзі бас болып, қолға алған Qazir.kz интернет порталын 1 жылдығына орай сұхбат берді. 

«Qazir.kz интернет порталының аудиториясы негізінен жастарға бағытталған, танымдық бағытты ұстанады. Оқырмандарды көбіне қалалар тарихы, киелі жерлер туралы әфсаналар қатты қызықтырады. Мысалы, кейбір қалалардың мерейтойлық күндеріне орай ақпарат берілгеде бір түнде 400 адамға дейін оқыған. Жалпы, менің мақсатым – контенттің сапасына мән беру, рейтинг жинау емес»,- дейді Базаргүл Сейтжанқызы. 

Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Бағдарламаны жүргізген Гүлнұр Омарханқызы.