Шипалы гүлдер

Түймедақ гүлі өт жолын, тұмауды және бас ауруын жазатын қасиетке ие. Түймедақты жүкті әйелдердің ішуіне болмайды.

Бақбақ гүлін бет әрлеуге қолданамыз. Сүт секілді сұйықтығы сүйелді жазады екен. 

Кактус өсімдігі - радиациялық сәуелерді жақсы сіңіреді, оларды компьютер және теледидар алдына қойса адамға зиянды сәулелерді өзіне қабылдайды.

Спатифиллум - адамға көтеріңкі көңіл мен өзінің әсем жапырақтары арқылы таза ауа сыйлайды. Бұл өсімдік өз иесін жақсы көргендігі соншалық үнемі иесінің көңіл күйі жақсы болса өзінің әсем гүлдерін үздіксіз ашуға дайын екен. Бөлмедегі ылғал ауаны өзіне жинап бөлмені құрғатып тұрады. 

Алоэ- өсімдігінің емдік қасиеті көп. Олардың жапырағынан бөлінген сөлді әр түрлі дене жараларына, азқазан-ішек жолдарын тазарту мақсатында, косметикалық заттар алуға пайдаланады. 

Қазтамақ - бөлме өсімдігінің емдік қасиеті көп. Жапырақтарынан шығаратын исінің өзі адамның имундық жүйесін жақсартып, жапырақтарынан тымау, құлақ ауырғанда, мұрын бітелгенде таптырмас дәрі жасауға болады.

Шипалы гүлдер жайлы толығырақ білгіңіз келсе Қазақ радиосының «Гүлдесте» хабарын тыңдаңыз.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың редакторы- Айнұр Шамшейтова.