Айнұр Әбдірәсілқызы: Сөздің өзі құндылық ретінде болмысын жоғалтты

Кезінде қазақ халқы бүкіл құндылығын, даналық пайымын, сезімін, сенімін, ілімін барлығын сөзге сеніп тапсырған. Сөз өнеріне сыйғызған. Аңыздармен, әнмен, жырмен, өлеңмен өрнектеп жеткізген. Нақты айтқанда осы сөз өнерінің құнарын бар мүмкіндігімен пайдалана білген, сөзге тоқтаған, сөзге сенген, сөзді пір тұтқан халық едік. Олай болса, қазіргі таңда сөз өнерінің құны бар ма? Сөздің қаншалықты қадір-қасиеті қалды? «Сөйлеу мәдениеті» хабарының кезекті шығарылымы осы мәселелер турасында болды.  

Сүбелі ойын ортаға салған хабардың тұрақты қонағы - Филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы.

Хабардың редакторы: Айнұр Шамшейт.