Әли Кебриайзаде: Иранда шығыс ақындарын ерекше ұлықтайды

«Шалқар» радиосының «Құтты қонақ» бағдарламасында Иран Республикасының Қазақстандағы елшілігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Әли Кебриайзаде қонақта болды.

Әли Кебриайзаде Иранда 15 мамыр Фирдоусиді және 18 мамыр Омар Хайямды ұлықтау күні болып табылатыны туралы, айтулы күндерден бөлек жыл бойы көрнекті екі ғұламаға қатысты мәдени іс- шаралар толастамайтындығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, тікелей эфир барысында Шығыстың атақты ақындары Омар Хайям мен 35 жыл бойы «Шахнама» дастанын жазған Фирдауси Әбілқасым – адамзат құндылықтарының жаршысы екендігін айтып, Омар Хайямның рубайларынан үзінді оқып берді.

Студия қонағының айтуынша, Қазақстандағы Иран елшілігі «Омар Хайямның апталығы», сондай-ақ, көрнекті Иран шеберлерінің жазу арқылы бейнелеген суреттер және каллиграфия мен миниатюралар көрмесін және басқа да мәдени іс-шараларды дәстүрлі түрде ұйымдастырып отыратынын айтты.

Сұхбатты толығырақ видео және аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Сұхбаттасқан Ләззат Тиышбекқызы.