Мұсылманның амалынан ниеті маңызды

«Құтты қонақ» бағдарламасында «AQ MESHIT» мешітінің маманы, исламтанушы Фархат Исаұлы қонақта болды. 

Алла Елшісі: «Мұсылманның ниеті – амалынан қайырлы» дейді. Адамдардың көбі өмірдің мәнін ұғына алмағандықтан қуаттың көзі неде екенін байқамайды. Осыған байланысты «Құтты қонақ» бағдарламасында «Мұсылманның амалынан ниеті маңызды» деген тақырып қозғалды.

«Нағыз мұсылман – өзге бауырының жүрегіне қуаныш сезімін ұялата білген адам. Мен ойлаймын, амал мен ниеттің ізгі жолында әсіресе, ер азамат көркем мінездің иесі болуы керек»,- дейді студья қонағы Фархат Исаұлы.

Толығырақ видеонұсқадан тамашалай аласыздар.

Бағдарламаны жүргізген Гүлнұр Омарханқызы.