Әлемдегі ең бақытты мемлекеттер рейтингі жасалды

Біріккен ұлттар ұйымы жыл сайынғы әлемдегі ең бақытты елдер рейтингін жасады. Онда мемлекеттің әлеуметтік қолдауы, қауіпсіздік деңгейі, өмір сүру ұзақтығы және ертеңгі күнге деген сенімділік сияқты факторлар ескерілді.  

1-орында Филяндия. Финляндия – соңғы екі жылдағы рейтинг көшбасшысы және әлемдегі ең бақытты ел. Бақытты адамдармен кездесуден басқа, онда фин асханасын тамашалап, Санта Клаус ауылы мен тау шаңғысы курорттарын көруге, Хельсинкидегі мұражайларды зерделеуге және Савонлинндегі шоколад кәмпиттерінен дәм татуға болады.

2-орында Дания. Су перісі мен басқада ертегілердің тарихи отаны бұл күнде 600-ге жуық тарихи қамалдарды аман сақтап қалған екен.

3-орын Норвегия. Норвегтердің басым бөлігі тарихтың фанаттары болып табылады. Бұл жаққа саяхаттаған адамдар скандинав фальклорының болмысын сезініп, бұғының етін жеп бақытқа кенеледі екен. Ал 4,5 орында Исландия, Нидерланды мемлекеттері жайғасты.

Өзге де қызықты жаңалықтар хабардың аудионұсқасында.

«Аң-таң» хабарын әр сәрсенбі сағат 09:35-те Қазақ радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыз .