Қазақстанда 2020 жылдан бастап барлық өңірге тегін «Балалардың туристік пойызы» жобасын іске қосу жоспарлануда. Бұл жобаны Үкіметке ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсынып отыр.
«Балалар мен жасөспірімдер туризмінде ішкі көші-қон ағынының оң серпінін жасау үшін растайтын құжатты ұсынған жағдайда «1+2» схемасымен (бір ата-ана үшін екі бала) «KIDS GO FREE» қағидаты бойынша балалардың тегін авиамаршруттарын субсидиялау жоспарлануда. Мұндай халықаралық тәжірибені – Ұлыбритания, Катар, Тайити, Скандинавия елдерінде қолданылады», - дейді министр.
Толық ақпарат «Медиа шолу» хабарының аудионұсқасында.
Хабардың редакторы: Нұртас Нұрғали.