Көк түріктің көк семсері

Күлтегін (684-731 жж. өмір сүрген) Құтлық қағанның екiншi ұлы, Білге қағанның туған iнiсi. Екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «Көк түріктің көк семсері» атанған атақты батыры. 

Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күлтегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түрік еліне тұс тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі. Бұл ретте түріктің атақты Білге қағаны Күлтегін батырдың басына қойылған ескерткіші тасқа ойып жаздырған ғұмырнамасында: «әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Күлтегін ер атанды» деп жазды.  

Расында Күлтегін бабамыз кім болды? Оның қайта жаңғырған тарихымызда алар орны қандай? Келер ұрпақ бұдан қандай тәлім-тәрбие алуы керек? Бұл жайында біз ф.ғ.д., профессор, академик Мырзатай Жолдасбеков ағамызға арнайы хабарласып, әңгімелескен едік. 

Сұхбатты толығырақ «Тұңғыштар» хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыздар. 

Хабардың редакторы: Алмас Байдрахман