Есенгелді Сүйінұлы: Жүрегімде әрқашан Көкше жері тұрады

Қазақ радиосының эфирінен берілетін «Әдебиет әлемі» хабарының кезекті саны ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Есенгелді Сүйінұлының шығармашылығы мен өмірдерегіне арналды. 

«Менің елім, менің жерім», «Мақпалды күндер», «Арайлы таң», «Тербеген теңіз әлдиі» сияқты жыр жинақтардың авторы Есенгелді мырза 1958 жылдың 10 қаңтарында Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына қарасты Мәдениет ауылында дүниеге келген.

Есенгелді Сүйінұлы алғаш еңбек жолын Қазақ радиосында бастап, содан кейін «Халық кеңесі», «Жас алаш», «Дала мен қала» газеттерінде қызмет еткен. Ол тек ақын, жазушы ғана емес, сонымен бірге еліміздің тарихына қатысты тың деректерді жинастырып, басылым беттеріне жариялап жүрген әдебиет зерттеушісі.

«Көкше жері ежелден таланттарға бай, мен осы жерде туып өскенімді мақтан тұтамын. Қай жерде жүрсем де қай жерде жұмыс атқарсам да менің жүрегімде әрқашан Көкшетау өлкесі тұрады»,- деп айтқан ағамыздың өмірдерегін, туған жерге деген сағынышын өзінің әңгімелеуінде «Әдебиет әлемі» хабарынан тыңдай аласыздар.

Толық ақпарат аудионұсқада.

Хабардың авторы әрі жүргізушісі: Айнұр Шамшейт.